RU

Өскеменде жеткіншек өмірінің соңына дейін компьютер клубында болу үшін үйінен қашып кетті

Өскемен тұрғыны Евгения Сидорова жоғалып кеткен 14 жастағы баласын тәулік бойы іздеген. Жеткіншек үстел үстіне хат қалдырып, онда үйіне орайлмайтынын жазған. Бір күннен кейін ұл бала қалалық компьютер клубынан табылды. Бұл туралы YK-news.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ  хабарлайды.

9 қаңтар күні Евгения Сидорованың 14 жастағы ұлы үйінде хат қалдырып, онда енді қайтып оралмайтынын мәлімдеген.  Ұл бала өзімен бірге бірнеше мың теңге мен паспорт ала кеткен.

"Мен бірден полицияға хабар бердім. Келесі күні еш нәтиже болмағасын баламның жоғалғанын әлеуметтік желі арқылы хабарламақ болдым. Хабарламама бірден жас жігіт жауап қайтарып, тура сондай жағдайда інісі жоғалып кеткенін, кейін оны компьютер клубынан тапқанын алға тартты", - деп есіне алды баланың анасы.

Евгения жігіттің ойын ғимараттарын тексеріп шығуға кеңес бергенін айтуда.

"Бір сағат өтер-өтпес уақытта әлгі жігіт хабарласып, ұлым отырған компьютер клубын анықтағанын айтты. Біз бірден сол жерге жол тарттық. Әбден ойыны қанғаннан кейін сол жерде ұйықтап қалған екен. Ұйықтап жатқан жерінен тауып алдық", - дейді Евгения Сидорова.

Қашып кеткен жеткіншек анасынан кешірім сұрап, екінші олай қашпайтынына сөз берген. Ал анасы болса, ұлын табуға көмектескендерге алғысын жаудыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1010320-oskemende-zhetkinshek-omirininh-sonhyna.html