RU

Қазақстандық айырбас нүктелері долларды 370 теңгеден сатуда

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгілік сессия қорытындысы бойынша орташа сараланған доллар бағамы долларына 362,62 теңгені құрады. 11 қаңтар күнгі таңертеңгілік сауда нәтижелерімен салыстырғанда доллар 7,1 теңгеге қымбаттады деп хабарлайды NUR.KZ.

Ресми сайттарындағы мәліметке сәйкес, Нalykbank-та долларды сату құны 370,50 теңге, Қазкоммерцбанкте 371,44 теңге, БанкЦентркредитте 370 теңге.

Кurs.kz сайтының мәліметтеріне сәйкес, Астананың кей айырбас нүктелері де америкалық валютаны 370 теңгеден сатуда.

Еске салсақ, 11 қаңтар күні теңге бағамы өзінің тарихи минимумын жаңартып, долларына 357,66 теңге болып түскен еді.

Ал 6 қаңтарда Қазақстанда теңгенің долларға шаққандағы бағамын бекіту ережесі өзгертілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1010361-dollar-taghy-da-qymbattap-antirekord-o.html