RU

Астана тұрғындары күрт қымбаттап кеткен мүшеқаптың бағасына шүйлікті

Астананың ер азаматтары дәріханаларда мүшеқап бағасы күрт қымбаттап кеткеніне шағымдануда. Олардың бір қорабы бүгінде шамамен 800 теңге тұрады. Тұрғындар оның қымбатшылығы елде туылу көрсеткішінің көбеюіне әсер етуі мүмкін екенін айтуда.

Бұл туралы «Экспресс К-ға» сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды. Мүшеқап бағасы әйелге сыйлауға болатын гүл бағасы мен кешкілік асқа кететін қаражаттан кем түспей тұрғаны ер азаматтардың қалтасын жұқартуда.

«Мен қашан да «Гусарские» дегенін сатып алатынмын, арасында өзімді Durex және Contex-пен еркелетіп қоятынмын. Бірақ дәріханада бір қорабы 800 теңге екенін естігенде шалқамнан түсе жаздадым. Мен үшін мүшеқап сатып алу әдеттегі жағдай болатын. Сатушылар тұтынушылардың мүмкіндіктерін тым жоғары бағалап отырғаны көңілге қаяу түсіреді», – дейді Астана тұрғыны Ғабит Шакруллаев.

Ер кісі базардан әлдеқайда арзан қытайлық мүшеқаптар ала алатынын біледі, алайда ондайларын сол күйі таба алмаған.

«Каучукты пайдаланбас бұрын адамдар қойдың ішегін пайдаланатын. Жаңа жылда қойды бауыздаған кезімізде бәлкім осылай ақша үнемдеуге болар деген ой топ ете түсті» - деп әзілдеді Ғабит.

Латекс жасауға мүмкіндік беретін мұнайдың бай қорына ие Қазақстанда, тіпті каучук жасауға болатын бақбақ та жеткілікті, сол себепті отандық мүшеқап өндіруді қолға алу керек деп түйіндеді Ғабит.

Алан Исаевтың материалынан аударылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1010415-astana-turghyndary-musheqaptardynh-qym.html