RU

Қытайдағы ең бай адам Голливудтың киностудиясын сатып алды

Қытайдағы ең бай адам Голливудтың киностудиясын сатып алды деп хабарлайды 24.kz.

Dalian Wanda Group бірлестігі Голливудтың Legendary Entertainment киностудиясын сатып алды. Қытайдағы ең бай адам Ван Цзяньлинь бұл үшін 3,5 млрд доллар жұмсаған, деп хабарлайды Xinhua.

Оның айтуынша, енді бұл киностудияның зияткерлік жеке меншігі мен фильмдерінің құқығы Wanda-ға тиесілі болады. Айта кету керек, Ван Цзяньлиннің дәулеті қазір 24 млрд долларға жеткен. Ал ол иелік ететін Wanda Group әлемдегі ең ірі кинотеатрлар желісін басқарады.

Legendary Pictures – фильмдерінің кассалық жинағы үнемі көп ақша келтіретін киностудия. Ол соңғы рет «Интерстеллар» мен «Мир юрского периода» туындыларын шығарып, әлемнің түкпір-түкпірінен көрермендерді экран алдына жинады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1010447-qytaydaghy-enh-bay-adam-gollivudtynh-kin.html