RU

Аша Матай мен Арман Қоңыр дуэт құрмақ

Қазақ эстрадасының ең әдемі жұлдызды жұбы, қос әнші Аша Матай мен Арман Қоңыр енді сахнада дуэт болып ән шырқамақ.

Аша мен Арман "Бенефис шоудың" қонағы ретінде шақырылып, өміріндегі өзгерістерімен, алдағы мақсаттарымен бөлісті. Әртістер биыл бірге орындайтын бірнеше ән жаздыртуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, хабардың жүргізушілері Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина жас жұбайларға жақсы отбасы болып құралып кету үшін ырымдап құрақ көрпе сыйлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1010671-asha-matay-men-arman-qonhyr-duet-qurmaq.html