RU

Мөлдір Әуелбекова жұбайлық өмірдің сырымен бөлісті

Талай бойдақ жігіттің арманы болған танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жақында тұрмысқа шыққан болатын. Әнші «Жұлдыздар отбасы» журналына берген сұхбатында жаңа өмірі жайлы сыр бөлісті.

Мөлдір жан жары Арыстанның шаңырақта жалғыз тұяқ екенін айта келе, марқұм қайын атасының әруағы риза болған шығар деп сөзін бастады. Сәлем беріп, келіндік міндетін ойдағыдай атқарып жүрген әнші Жылқыбаевтар әулетіне сіңісіп кетуіне енесінің қол ұшын беріп, еркелетіп жүргенін айтты.

Әуелбекова Таразда өткен үйлену тойы жайлы да бірер сөз қозғады.

"Той көйлегі де менің ойымнан шықты. Көйлекті Астана қаласындағы «AssylBridal» брендінің иесі Мадина Көбекова есімді жас дизайнер тіккен. Отандық өнімнің өте әдемі, сәтті шыққанына өте қуандым. Жолдасым бастапқыда-ақ: «Қай көйлекті киемін деп шешесің, сол көйлекті аламыз. Өйткені өміріңде бір рет қана киесің», – деп маған бар жағдайды жасады. Расында да өте әдемі, нәзік көйлек. Ең әдемі қалыңдық болуыма себепкер болған жолдасым Арыстанға және Мадина Көбековаға рахметімді айтамын", - деді әнші.

Сондай-ақ, Әуелбекова өз тойына «Бірге жанымыз» деген әнді арнайы тапсырыспен жаздыртқан. Сөзі – ақын Құрманайдікі. Ал әнін жазған – Шоқан Уәлихан. Әннің бірінші шумағы жары Арыстанға, екінші шумағы ата-анасына, ал үшінші шумағы халыққа арналған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1010889-moldir-auelbekova-zhubaylyq-omirdinh-s.html