RU

Ғалымдар пластик құтыдағы судың белсіздікке ұшырататынын мәлімдеді

Австралияның бір топ ғалымдары бірқатар тәжірибелер жүргізіп, пластикалық бөтелкедегі судың адам ағзасына келтіретін біраз залалдары бар екенін анықтады.

Бұл туралы Vista News порталы хабарлады деп жазады ras.kz.

«Жасыл құрлықтың» оқымыстылары мұндай құтыдағы сулардың залалы адамның бірқатар қатерлі ауру-сырқауларға душар етуге алып баратынын айтып отыр. Атап айтқанда, пластика өндіріліп жатқанда оған бисфенол-А токсині пайдаланылады, уақыт өте келе сол токсин судың құрамына енеді.

Зерттеушілердің айтуларынша, осы заттың үлкен концентрациясы белсіздік-бедеулік пен жүрек-қан тамырлары жүйесінің патологиясын туғызады. Бұдан бөлек, бұл токсинді ішу семіздікке, гормональды фонның бұзылуы мен бас ауруының пайда болуына жеткізуі ықтимал.

Осы зерттеу автораларының бірі Крис Уиндердің мәлімдеуінше, ғалымдар мұны анықтау үшін еріктілердің зәрлері құрамынан бисфенол-А токсинін іздестірген. Нәтижесінде ол зерттелгендердің 95 пайызының органимздерінен табылған. Бұлардың арасында екіқабат әйелдер мен балалар да болған.

Зерттеушілер сондай-ақ бөтелкеге құйылған судан төрт күн бас тартқаннан кейін қан құрамындағы токсин концентрациясының 66 пайызға түсіруге болатынын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1011013-ghalymdar-plastik-qutydaghy-sudynh-bels.html