RU

Шымкентте жол бойы телефонмен сөйлескен автобус жүргізушісі жолаушыларды ашуландырды (видео)

Шымкентте қоғамдық автобус жүргізушілері «час-пик» уақытында жолаушыға таласып, автожарыс ұйымдастыруын тоқтатар емес. Автобусты басқарып келе жатқан жүргізушілер телефонмен сөйлесіп, өзге әріптестерімен дауласып, жолаушылардың көзінше былапыт сөздер айтады деп жазады NUR.KZ.

Шымкенттік жолаушының бірі №35 бағыттағы автобуста болған оқиғаны видеоға түсіріп алған.

«Біз қашанғы мұндайға шыдауымыз керек? Автобуста кішкентай балаларымыз отырады. Жақында ғана тура осындай жағдай орын алып, жүгізушінің айқайлаған дауысынан кішкентай ұлым шошынып, жылап жіберді», - дейді тұрғын Айгүл Керімқызы.

Жолаушы жолдаған видеода расымен де жүргізушінің ерсі қылығын байқауға болады. Онда құллаққап арқылы телефонмен сөйлескен ол былапыт сөз айтып, өзге әріптестерімен жолаушыға таласқан.

Шымкентте 27 көлік компаниясы қызмет көрсетіп келеді. Олар 81 бағытта 1198 кесте бойынша жолаушыларды тасымалдайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1011056-shymkentte-zhol-boyy-telefonmen-soyles.html