RU

Пайғамбарға карикатура жасаған суретшілер туындыларын көрмеге қоймағаны үшін дау шығарды

Екі израилдік суретші ардақты Пайғамбар (с.ғ.с.) жайлы жасаған карикатураларының көрмеде көрсетілмегені үшін реніштерін білдіріп, дау шығарды деп хабарлайды musilim.kz.

Былтырғы жылдың 7-қаңтар күні қарулы жандардың шабуылына ұшыраған Charlie Hebdo француз апталық журналының қаза тапқан қызметкерлеріне еске алу мақсатында Тель-Авив институтында «Шарлиден кейін» атты көрме ұйымдастырылған болатын. Аталмыш көрмеге Владик Сандлер және Рой Фридлер есімді екі израилдік суретші өз туындыларын ұсынған.

Олардың бірі Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарды жалаңаштап сурет салған болса, екіншісінің еңбегінде Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өлген суретшілердің рухын жәннат қақпасы алдында күтіп тұрғанын бейнелеген.

Аталмыш көрме барысында алғашқы сурет мүлдем қойылмаған. Ал, екінші карикатураны стикерлермен желімдеп тастаған көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1011087-payghambargha-karikatura-zhasaghan-sure.html