RU

Аяғын керіп суретке түскен Есентаеваны желі қолданушылары Волочковаға теңеді (фото)

Аяғын керіп суретке түскен Баян Есентаева тағы да желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Продюсердің бұл әрекетін жанкүйерлер ресейлік балет бишісі Волочкованың қылығына теңеуде.

Продюсердің пікірінше, ол бала кезден балет бишісі болуды армандаған. Өткен жылы Гоадағы демалыста аяғын керіп, бишінің қимылын келтірген Есентаева биыл өз рекордын қайталамақ болған. Сол жақтағы сурет 2015 жылы Гоада түсірілсе, оң жақтағы суреті Тайландта жасалған.

Біреулер суретте Баянды кіші қызы Айарумен де шатастырып алыпты, ал көпшілігі оның әрекетін Волочкованың әрекетіне теңеген.

"Волочковадан көргеніңіз бе?", - деп жазады Алтынай есімді ғаламтор қолданушысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1011379-ayaghyn-kerip-tusken-esentaevany-zheli-q.html