RU

Сәкен Майғазиевтің аяғы ауыр жары жан сақтау бөліміне түсіп қалды

"МұзАрт" тобының әншісі Сәкен Майғазиев Instagram парақшасында аяғы ауыр әйелінің жан сақтау бөліміне түсіп қалғанын мәлімдеді. Айы-күні жақындаған әншінің жары тұмауратып қалған.

"4-қаңтар күні сапардан келсем, жарым жан сақтау бөлімінен бір-ақ шығыпты. Сол тұмау ғой, баяғы. Кім ауырмай жатыр дейсің...Бірақ, айы-күні жақындаған әйел мен анасын сағынған періштенің ішқұса болып ауырғаны ауыр тиіп, шарасыз болып жатқаным болмаса. Алланың кішкентай сынақтары ғой", - деп жазады Майғазиев қазіргі жағдайы туралы.

Әнші қызының анасына деген сағынышын көріп, "көшеде көздерін жәудіретіп балапандарын тастап кетіп жатқан жандарда жүрек жоқ-ау, сірә" деп күрсінеді.

Әртіс өзінің қазір "няня Сәкен" болып отырғанын жымия жеткізді. Сөз соңында Майғазиев Алла тағаланың барша ананы баласынан ажыратпауын тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1011610-ayaghy-auyr-saken-mayghazievtinh-zhary-zhan.html