RU

Қытайлық "кунг-фу ораушы" желіде жұлдызға айналды

Қытай почтасының қызметкері желіде жүктелген видеодан кейін жұлдызға айналды. Келіншек таңғаларлық жылдамдықпен қораптарды скотчпен орайды.

Еңбексүйгіш қытайлықты көпшілік "кунг-фу ораушы" деп атап кеткен. YouTube-ке жүктелген видео хитке айналып, бірнеше күннің ішінде 54 мың рет қаралған.

Танымал Reddit интернет-форумының пайдаланушылары келіншектің күші қорқыныш ұялататынын жарыса жазған.

"Ол Джеки Чан секілді қозғалады", — деп жазған сайт қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1011721-qytaylyq-kung-fu-oraushy-zhelide-zhuldyz.html