RU

Samsung «ақылды» тоңазытқыштар шығара бастады

Samsung компаниясы Лас-Вегаста өтіп жатқан Consumer Electronics Show 2016 көрмесінде азық-түліктің бұзылғанын ескертетін ерекше тоңазытқышты ұсынды.

Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Family Hub деп аталатын тоңазытқыштың ақылдылығы сол, адамнан ешбір қалыспайды. Оның басты қызметі – ішінде тұрған азық-түлік пен тамақ өнімдерінің жарамдылығы немесе бұзылғандығын иесіне хабарлау. Сондай-ақ, Family Hub іште тұрған қай тамақтың жуық арада таусылатынын айтып береді.

Бұл ақпаратты ол өз иесінің смартфонына жібереді. Қажетті күйге келтірілген жағдайда, тоңазытқыш ғаламторда азық-түлікке тапсырыс та береді.

Айта кетейік «Ақылды тоңазытқыш» көптеген функцияларды үлкен экраны арқылы атқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1011939-samsung-kompaniyasy-aqyldy-tonhazytqysh-shygh.html