RU

Мәжіліс депутаты таяу 3 айда доллардың өсетінін болжады

Қазақстан парламенті мәжілісінің (төменгі палата) депутаты  Гүлжан Қарағұсова таяу 3 айда теңгеге қатысты доллар өсетін болады деп есептейді. Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

"Қазір болып жатқан әскери, саяси қақтығыстарға қарасақ, менің ойымша, таяу 3 айда бұл өсім барлық валюталарға қатысты жалғасатын болады", - деді журналистерге Қарағұсова мәжілістің сыртында.

Сәрсенбіде Қазақстандық қор биржасында сауда-саттықта АҚШ долларының орташа бағамы теңгеге шаққанда бір доллар үшін 366,54 теңгені құрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1012115-mazhilis-deputaty-3-ayda-tenhgege-qatyst.html