RU

Әйелден имам сайлаған жамағат онымен бірге намазға жығылды

Әйелден имам сайлаған жамағат онымен бірге намазға жығылды деп хабарлайды qamshy.kz.

Олардың арасында ер кісілер де баршылық. Бұл жайта қашан және қай жерде болғаны белгісіз. Видоены көргендердің дені ислам дінінде әйел адам еркектерге имам бола алмайтынын жарыса жазып, бұл жайтқа таңданыстарын білдіруде.

Яғни, имам болуға қатысты шарттардың бірі - еркек болу. Әйел адам еркектермен бірге жамағатқа араласып намаз оқыса, әйелдің оң жағында, сол жағында және артында тұрған еркектің намазы бұзылады екен.

Дегенмен бұл шартты кейбірі орындай бермейтін көрінеді.

"Еркек тұрып әйел адамды имамдыққа сайлағанын бірінші көруім. Әрбір аяттың аудармасының не қажеті бар? Осылай дініміз бұзылады деп қорқамын", - деп жазған пікір қалдырушылардың бірі Бағлан Алтаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1012314-ayelden-imam-saylaghan-zhamaghat-onymen.html