RU

"Самұрық-Қазына" басшысының орынбасарлары қызметтерінен кетті

"Самұрық-Қазына" АҚ қызметін жаңа басқару құрылымына көшіру аясында төраға орынбасарларының қызметтері қысқартылды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары.

Жаңа ұйымдастырушылық құрылымда Қордағы топ-менеджерлердің саны екі есеге қысқарды.

"Жаңа ұйымдастырушылық құрылымда басқарма төрағасының орынбасары лауазымдары қысқарған. Осыған байланысты Қор басшысының орынбасары Дәурен Ердебай аталған лауазымда қызмет атқаруды тоқтатты", — делінген хабарламада.

Елена Бахмутова қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директор лауазымына ауыстырылды. Бұған дейін ол Қордың басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған болатын.

"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің бұйрығымен Балжит Каур ханым басқарушы директор болып тағайындалды. Ол Қордың стратегиясы және портфельдік инвестицияларын жауаптанады, — деп ақпараттандырды қор.

Хабарламаға сәйкес, Балжит Каур ханым Азия Даму Банкі Ұлттық Қорының Даму бағдарламалары жөніндегі аға кеңесшісі, Kuwait Investment Authority & Kuwait Finance House басқарушы директоры, кейін келе вице-төрайымы, ABN AMRO Bank, Maybank Malaysia және Deutsche Bank вице-президенті қызметтерін абыроймен атқарған.

Аталған банктер мен қаржылық компаниялардағы жоғары басқарушылық халықаралық тәжірибесі 14 жыл. Ол осыған дейін ұлттық әл-ауқат қорларының жоспарлау және стратегияларын, портфельді әртараптандыру мен дағдарысты еңсеру жоспарларын жүзеге асыру, экономикалық өсім стратегияларын, даму стратегияларын басқару мен іске асыру, трансформация, инвестициялар, мұнай мен газ, инфрақұрылымдар, энергетика, жылжымайтын мүлік салаларындағы исламдық қаржыландыру бағыттарын жауаптанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1012316-samuryq-qazyna-basshysynynh-orynbasal.html