RU

Қазақстандық жұлдыздар қысқы демалысын қайда өткізуде?

Қыс мезгілінде өнер иелері жылы жақта тынығып, жаңа идеяларымен жұмысқа кіріскенді ұнатады. Сондықтан болар, эстрада жұлдыздары өзге елдердің әсем табиғатын тамашалап, суға түскеннен еш жалықпайды. Кейбірі шетелге шығуды жыл сайынғы дәстүріне айналдырған.

NUR.KZ қысқы демалысын көңілді өткізіп жатқан өнер иелерін назарларыңызға ұсынады.

Әсел Сәдуақасова

Шетелге бірінші аттанған әртістердің бірі Әсел Сәдуақасова биыл анасымен бірге жаңа жылды Жапония елінде қарсы алды.

Актрисаның айтуынша, олар қысқы демалысын жыл сайын шетелде өткізуді әдетке айналдырған.

Нұртас Адамбай

Танымал актер, режиссер Нұртас Адамбай бүгінде кино саласындағы сұранысы жоғары әртістердің бірі. "Побег из аула. Операция махаббат" фильмі көрермен назарына ұсынылған соң, актер қызметтен біраз демалу үшін Дубайға ұшып кетті.

Баян Есентаева

Елімізге белгілі продюсер Баян Есентаева биыл қысқы демалысына Тайландты таңдаған.

Суға түсіп, күнге қыздырынып жүрген Есентаева жыл сайын туған күнін шетелде атап өтеді.

Жанар Дұғалова

Жақында ғана "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алған Жанар Дұғалова желтоқсан айында Түркия мемлекетіне барып қайтты. Әртіс "Орда" тобының әншісі Ерболат Беделханмен Стамбулдың әдемі жерлерін тамашалаған.

Азамат Сатыбалды

Актер Азамат Сатыбалды да жыл сайын шетелге барып демалғанды жөн көретін сияқты.

Былтыр Тайланд еліне барып қайтқан актер биыл Сұлтан ұлымен бірге Біріккен Араб Әмірліктеріне сапарлатқан.

Назым Басқынбаева

Биыл Гоа аралдарында демалғандардың қатарында бірнеше отандық жұлдыздар бар. Әнші Жеңісхан, "КешYou" және "Алау" топтарының директоры Назым Басқынбаева, актриса Айнұр Ілясова, Гүлнар Силбаева және Дана Рыскелдинова Үндістанның әсем жерлерін аралауда.

Дәуіт Шайхисламов

Елден көп ұзамай, көрші Әзірбайжан мемлекетін таңдаған шоумен Дәуіт Шайхисламов та қысқы демалысты жұмыспен ұштастырып жүрген көрінеді.

Мәдина Сәдуақасова

Осы қыста Бурабайда демалған жұлдыздар көп болды. Олардың ішінде Тамара Асар, Қайрат Нұртас, Айқын, Ләйлә Сұлтанқызы, Мәдина Сәдуақасова бар.

Қайрат Нұртас

Қайрат Нұртас қысқы демалысын отбасымен бірге Бурабайда өткізді. Әртіс қалың қарда көлікпен серуендеп, таза ауа мен әсем табиғаттың аясында бой жазды.

Динара Сәтжан

Астанада тұратын танымал тележүргізуші Динара Сәтжан Алматыға келіп демалып қайтты. Әртіс отбасымен тауға шығып, шаңғы тепті.

Әсел Сағатова

Шымбұлаққа шығып, шаңғы тебуді ұнататын әртістердің бірі - Әсел Сағатова. Актриса бұл жолы да достарымен жақсы көңіл көтеріп қайтқан.

Абай Бегей

Ал әнші Абай Бегей Сарыағаш шипажайының керемет екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1012382-otandyq-shou-biznes-okilderi-qysqy-dem.html