RU

Ұлттық қордағы қаражат 6-7 жылда таусылатынын айтқан лауазым иесі қызметінен шығарылды

Берік Өтемұрат The Wall Street Journal (WSJ-ге) берген даулы сұхбатынан кейін «ҚР Ұлттық банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ басшысы қызметінен босатылды деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Берік Өтемұрат бізде енді қызмет жасамайды. Ол 8 қаңтардан бері», - деді ҚазТАГ агенттігіне сәрсенбі күні Ұлттық инвестициялық корпорациядан.

Бұл ретте корпорациядан хабарлағандай, енді корпоарцияны Есжан Біртанов басқарады.

«Біртанов Есжан Амантайұлы - «ҚР Ұлттық банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы. Ол бізде 11 қаңтардан бері басқарма төрағасы», - деді корпорациядан.

Еске салсақ, 8 қаңтарда The Wall Street Journal журналына берген сұхбатында Берік Өтемұрат Ұлттық қор активтері 2014 жылғы тамыздағы өзінің ең жоғарғы мәні $77 млрд-пен салыстырғанда қазір 17%-ға қысқарды және мұнай бағасының арзандауы, кірістің азаюы және үкімет қор қаражатын жаратуы себепті Қазақстан Ұлттық қорындағы $64 млрд қаражат енді 6-7 жылдан соң таусылуы мүмкін, деп мәлім етті.

Одан басқа ол Ұлттық қорға түсетін қаражат туралы мәліметтерді ашуды, атап айтқанда, мұнай кешінтерінен, инвестициялардан түсетін кірістер мен шығындарды ашуды ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1012531-berik-otemurat-wsj-ge-bergen-sukhbatynan.html