RU

Таразда қыс ортасында бақбақтар гүлдеді (фото)

 Жамбыл облысының орталығында көктемгі жылы ауа райы сезіледі. Таразда, тіпті, бақбақтар гүлдеген, ал облыс орталығынан небәрі бір сағат қашықтықта қар және аяз жатыр деп хабарлайды Қазақпарат.

«Қазгидромет» РМК ақпаратынша, оңтүстік циклон Қазақстанның оңтүстігіне құбылмалы ауа райының болуына әсер етті. Температуралық режім түнгі  - 5 градустан күндізгі +5 градус цельсияға дейін ауытқып тұр.

Таразда ауа райы әлдеқайда жылы. Бұл күндері сынап бағаны +12 +14 градусқа дейін көтерілген. Бұл қаңтардың орташа жылдың температура көрсеткішінен әлдеқайда жоғары.

Осыған байланысты Таразда көк (жасыл) шөп пен гүлдеген бақбақтарды да көруге болады.

Синоптиктер ескерткендей, қаңтардың екінші жартысында Таразда күн суытады.

Қаңтардың үшінші онкүндігінде ауа температурасы -22 - 27 дейін, кей жерлерде -32 градус аязға дейін төмендейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1012551-tarazda-qys-ortasynda-baqbaqtar-guld.html