RU

Ұлттық банктің экс-басшысы Алматы әуежайының директорлар кеңесін басқаратын болды

Ұлттық банктің экс-басшысы Әнуар Сәйденов «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-ның директорлар кеңесін басқаратын болды деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ (...) ресми хат арқылы 2016 жылғы 11 қаңтардағы директорлар кеңесінің шешімімен «Әнуар Ғалимуллаұлы Сәйденовты «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы етіп сайлағаны туралы KASE-ні хабардар етті», - делінген сәрсенбі күнгі Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған хабарда.

Әнуар Сайденов Қазақстан Ұлттық банкін 2004 - 2009 жылдары басқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1012613-ulttyq-banktinh-eks-basshysy-almaty-aue.html