RU

АҚШ жүргізушісіз қозғалатын "ақылды көлік" жасап шығармақ

Детройттық көлік салоны "ақылды машиналар" жасап шығаруды қолға алуда. Қазір мұндағы көліктердің басым бөлігіне жаңа компьютерлік технологиялар орнатылған, деп хабарлайды Алматы телеарнасы "Іскерлер уақыты" бағдарламасы.

Мәселен, америкалық автосалон Мерседес Е класындағы темір тұлпарын жүргізушісіз қозғалатындай етіп жасаған. Сондай-ақ машина көлік тұрағына өзі, яғни жүргізушісіз тұра алады. Бұл ақылды машиналар басқа көліктермен ақпарат алмасып, жолдарда болып жатқан жаңалықтармен бөлісе алады.

Құрастырушылар әлі де болса бұл темір тұлпарларды жетілдіру керектігін айтады. Әрине, ол үшін біраз қаражат қажет. Мәліметтерге сүйенсек, бұл көлік салонына жуырда АҚШ президенті Барак Обама бас сұқпақ.

Қазірдің өзінде Америка басшысы көлік құрастырушылардың бұл игі ісіне қолдау білдіруде.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1012669-aqsh-zhurgizushisiz-qozghalatyn-aqyldy-k.html