RU

Атақты супермодель 84 жастағы медиамагнатқа тұрмысқа шықпақ

Әйгілі 59 жастағы актриса, супермодель Джерри Холл мен News Corporation компаниясының негізін қалаушы медиамагнат Руперт Мердок  және  заңды некеге тұруға ниетті.

The Times хабарлағандай, қалыңдығына «құда түскенін» миллиардердің өзі растаған. Болашақ  жұбайлар алда болатын тойды асыға күтуде, деп хабарлайды Астана арнасы.

Махаббат жас таңдамайды демекші, күйеу жігіттің жасы 84-те болса, қалыңдығы 59-да. Бұл Руперт Мердоктың төртінші некесі. Ал актриса алғаш рет күйеуге шыққалы отыр.

23 жыл бойы музыкант Мик Джаггермен азаматтық некеде болған Джерри Холл енді миллиардермен заңды некеге тұратынына риза.   

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1012979-ataqty-supermodel-84-zhastaghy-mediamag.html