RU

Төреғали "Алло" әнін шырқауға неге Ерке Есмаханды таңдағанын айтты

Төреғали Төрәлі халық арасында хитқа айналған "Алло" әнінің елең еткізер ерекше бір тарихы жоқ екенін алға тартты. Бірақ, әнші қазіргі эстрадалық әндерден өзгелеу бір шығарма жасағысы келгенін атап өтті.

Әртістің пікірінше, бүгінгі махаббат жайлы әндердің бәрі бір-біріне ұқсас болып барады. Сондықтан әнші соларға ұқсамайтын тың тақырыпқа барып, сол бағытта жұмыс жасаған, деп жазады Егемен Қазақстан басылымы.

"Әншілердің арасынан қазақы әндер айтатын Ерке Есмаханды таңдап алдық. Сөзі мен сазы жазылғанда орындаушылардың дауысы, имиджі ескерілді", - дейді Төреғали Төреәлі.

Отандық журналист Айнаш Есали мағынасыз жылауық әндерден жалыққан тыңдарманға сөздері құлаққа қонатын, сазы ойнақы «Алло» ұнап тұрғанын сөз етеді. Аталған әнге көп ұзамай түсірілген клип те шындыққа жанасады. Онда романтика бар. Анайылықтан ада.

Бейнебаян тыңдар­ман­дарына жол тарта салысымен, әлеуметтік желідегі белсенді қа­уым­ның пікірлері көбінесе «Әннің авторлары кім екен? Жылауық әндерден шаршаған, естігісі кел­мейтін адамдарға жақсы екен» деген тұрғыда өрбіді.

«Біздің «Алло» әні мен оған түсірілген бейнебаян xалықтан «жақ­сы» деген баға алып жатыр! Осы бағаны алу үшін еңбек еттік, демек мақсатқа қол жеткіздік!», - деп жазды Ерке Есмахан өзінің жеке әлеуметтік парақшасында.

Бейнебаян танымал продюсер Баян Есентаева мен Төреғали Төреәлінің әкесі Төрәлі Төлеповтің идеясымен түсірілген. Әннің сөзін жазған айтыс ақыны Қайнар Алакөзов, әнін жазған Құрал Молжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1013032-toreghali-allo-anin-shyrqaugha-nege-erke.html