RU

Қостанайда түсініксіз мақұлық табылды (фото)

Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Бағаналы ауылында түсініксіз мақұлық табылды деп хабарлайды Қостанай таңы.

Анықталғандай пеш жағушылар көп көмірдің арасынан үлкендігі кәдімгі дүкендегі бөлкедей болатын жұмыртқаны байқаған. Олар бұл не зат екенін білу үшін әлгіні күрекпен ұрып, ашып көрген. Нәтижесінде ішіннен 20 сантиметрдей ұсқыны құртқа келер бір мақұлық шыққан.

Аң-таң болған жұмысшылар дереу мектептегі еңбек кабинетіне әкеліп, түр-сипатын анықтап көру үшін су құяды. Сол кезде ол құйрық жағы үрленіп, аздап қимылдай бастайды. Таяқпен түртіп қалса, жаңағы жәндік өзінің түсін көгілдірге өзгертіп жіберген. Ауылдықтар бұның не зат екенін білмей дал болған соң, қаладан арнайы маман шақыртқан.

Куәгерлердің айтуы бойынша, әлгінің аузында кішкене азу тістері бар көрінеді. Сол жерде жұмыс жасайтын Гена атты жігіт жұмыртқаны да, әлгі мақұлықты да үйіне алып кеткен екен. Ауылдықтар ұсқыны не жыланға болмаса басқа бір ешбір жәндікке ұқсамайтын мақұлықтың 30 градустық аяздарда қалай шыдап, тірі қалғанына таңғалып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1013104-qostanayda-tusiniksiz-maqulyq-tabyl.html