RU

Сенат төрағасының жаңа орынбасары сайланды

Парламент сенатының жалпы отырысында сенатор Сергей Громов сенат төрағасының орынбасары қызметіне сайланды деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

"Маған берілген конституциялық нормаларды пайдалана отырып, сенат төрағасының орынбасары қызметіне Сергей Громовтың кандидатурасын ұсынамын. Сергей Громовты таныстырып жатудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Сенат регламентіне сәйкес, төраға орынбасары палата депутаттарының ашық дауыс беруімен сайланады", - дейді спикер Қасым-Жомарт Тоқаев.

Палата депутаттары аталған мәселені қолдап, бірауыздан дауыс берді.

Парламент сенатының жалпы отырысында палата төрағасының орынбасары Қайрат Ишанов өз өтініші бойынша қызметінен босатылып, өз өтініш етуі бойынша сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің құрамына мүше болып сайланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1013191-senat-toraghasynynh-orynbasary-saylan.html