RU

Башқұртстанда ашулы жігіт ғашығының аяғынан атып, ауруханаға жіберді

Башқұртстанда 27 жастағы ер адам сүйіктісімен ұрысып қалып, пневматикалық тапаншадан оған оқ атқан деп жазады Қазақпарат.

Оқиға таяу күндері Октябрский қаласында орын алды, деп хабарлады Башқұртстан ІІМ баспасөз қызметінде Стерлеград АА.

Полицей ведомствосының ақпаратына сәйкес, сүйіктісімен ұрысып қалған Октябрский тұрғыны ашуға беріліп, қару қолданған. Күдікті әйелдің аяғына екі рет оқ атқан.

Зардап шеккен әйелге ауруханада көмек көрсетілді. Ал ер адам жарақат келтіріп, өлтіру қаупін тудырғаны үшін қылмыскер атанды. Қазір тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1013205-bashqurtstanda-ashuly-zhigit-ghashyghynynh.html