RU

Ақтаулық азамат пәтерге шақырған қызды зорлап кетті

Ақтау тұрғыны Қарақиян ауданының Жетібай ауылында тұратын бойжеткенді зорлады деп күдіктелуде. Ауылдан келген бойжеткен онымен кафеде танысқан деп хабарлайды NUR.KZ порталы "Ладаға" сілтеме жасап.

Бойжеткен танысы зорлап тастағанын айтып, құқық қорғау органдарына жүгінген.

Полиция мәліметіне сәйкес, 27 жастағы келіншек Ақтауға туыстарына келіп, кафелердің бірінде жас жігітпен танысады. Кейін жігіттің үйіне барып, бірге ішімдік ішеді. Бойжеткеннің сөзіне сенсек, аздап масайған азамат бойжеткенге тиісе бастап, көнбегесін зорлап тастаған.

Факті бойынша 32 жастағы Ақтау тұрғыны қамауға алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша ол өз кінәсін мойындамай отыр. Тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1013284-aqtaulyq-azamat-paterge-shaqyrghan-qyz.html