RU

Қазақстан билігіндегі ең жас шенеуніктер кімдер?

NUR.KZ порталы өз оқырмандарын Қазақстандағы ең жас шенеуніктердің үздік ондығымен таныстырады. Аталған азаматтар 30 жастарында-ақ лауазымды қызметтің тізгінін ұстап, еңбек етуде.

Айгүл Амантайқызы Шайымова -1979 жылғы 12 қаңтарда Ақмола облысында өмірге келген. 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің вице-министр лауазымына тағайындалды. Толық жасы - 37.

Мәдина Ерасылқызы Абылқасымова – 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2014 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі. Толық жасы - 38.

Дәулет Еділұлы Ерғожин – 1979 жылы Алматы қаласында туылған. 2014 жылдың 21 тамызынан бастап ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы. Толық жасы -37.

Самат Сатыбалдыұлы Әбіш -1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 26 желтоқсан 2015 жылдан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары. Толық жасы – 38.

Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев -1980 жылы Қызылорда қаласында өмірге келген. 2014 жылдың мамыр айынан бастап «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының төрағасы. Толық жасы – 36.

Даурен Әскербекұлы Абаев - 1979 жылы Алматы облысында туған. 2011 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы. Толық жасы – 37.

Мәкен Бақтияр Мәкенұлы – 1981 жылы Алматы қаласында өмірге келген. 2013 жылдың тамыз айынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. Толық жасы – 35.

Стексов Игорь Валерьевич – 1979 жылы Ақсай қаласында дүниеге келген. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. Толық жасы -37.

Нұрәлі Рахатұлы Әлиев - 1985 жылғы 1 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 2014 жылдың 19 желтоқсаннан бастап Астана қаласы әкімінің орынбасары. Толық жасы – 31.

Көшеров Нұралхан Оралбайұлы - 1984 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 2015 жылдың 12 қазанынан бастап Шымкент қаласы әкімінің орынбасары. Толық жасы – 32.

Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы -1982 жылы Қызылорда облысында өмірге келген. 2015 жылдың 16 қаңтарынан бастап Шымкент қаласы әкімінің орынбасары. Толық жасы – 34.

Сапарбек Құрақбайұлы Тұяқбаев - 1979 жылы Шымкент қаласында туылған. 2012 жылдың ақпан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. Толық жасы - 37.

Жақсылық Мұқашұлы Омар - 1980 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында туған. 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 2013 жылдың мамырынан - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

Павел Сергеевич Кулагин - 1986 жылы Ақмола облысында өмірге келген. 2015 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі. Толық жасы - 30.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1013371-qazaqstan-biligindegi-enh-zhas-sheneuni.html