RU

Қақаған қыстың ортасында өзенге шомылған ​қостанайлық желіде жұлдыз болды

Қостанайлық Сергей Карпенконың қақаған қыстың ортасында өзенге шомылған сәті түсірілген видео «жүзгішті» ғаламтор жұлдызына айналдырды. Бір қызығы аталған видео өткен жылы түсірілген екен деп хабарлайды bnews.kz.

Видеодан көріп отырғанымыздай, гір тасын көтерумен шұғылданатын қостанайлық мұз ойығына күмп беріп, 20 метрдей қашықтықты еш қиындықсыз жүзіп өткен. Өткен жылы түсірілгеніне қарамастан, ролик бір апта ішінде 17 мың рет қаралды, деп жазады «Наш Қостанай» басылымы.

Ал спортшының өзі болса, бұл роликтен өзгеше дүние таппаған.

«Мен бар болғаны саламатты өмір салтын ұстанамын. Мұз ойығына түсумен айналысып келе жатқаныма 15 жылдай болды. Қыста шомылу арқылы күш жинап, денеңді сергітесің, тіпті бірде осылай тұмаудан айыққаным есімде. Бұл видеоны бір жыл бұрын танысым түсірген болатын, ал желіге бір апта бұрын ғана салынған. Ғаламторға түскенін өзім де білгенім жоқ. Кейін роликтің көрермендері көбейген кезде, достарым хабарласып, айтты», - дейді Сергей.

Қыста шомылудан өзге спортшының тағы бір хоббиі бар: қостанайлық азамат жыл бойы велосипедпен жүреді. Төрт жыл бұрын екі доңғалақты серігімен Сочиге барып келген екен, ендігі мақсаты – Байқалға жету.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1013376-qaqaghan-qystynh-ortasynda-ozenge-shomy.html