RU

Павлодарда жолаушылар автобусы трактормен соқтығысып қалды

Павлодар қаласында Амангелді және Ворушин көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусы мен МТЗ-25 тракторы соғылып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Автобус Ворушин көшесінің бойымен келе жатқанда тракторға жол бермей, соғылып қалған. Нәтижесінде травтор аударылып қалды. Жүргізушісінен медициналық көмек көрсетілді. Бақытқа орай, ер азамат ауыр жарақат алған жоқ. Аталмыш факті бойынша тексеріс жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала болжам бойынша жол-көлік оқиғасына автобустың жүргізушісі кінәлі", - дейді облыстық ІІД әкімшілік полициясының инспекторы Бибол Жұманов.

ҚР ӘКБтК-нің 610-бабына сәйкес жол ережесін бұзған азаматқа 10 АЕК көлеміндегі айыппұл салынады немесе 10 айға жүргізуші құқығынан айыру түрінде жаза қолданылуы мүмкін.

Сурет «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің «Это, Павлодар, детка» қауымдастығынан алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1013417-pavlodarda-zholaushylar-avtobusy-trak.html