RU

9 жасар қазақ қызының ұлттық костюмі мәскеуліктерді таң қалдырды (фото)

4-8 қаңтар арасында Мәскеуде таланатты балалардың дәстүрлі фестивалі өтіп, Қазақстан намысын қорғаған Эльгиза Қаражанова бас жүлде иегері атанды.

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Ресейдің 13 қаласы мен Болгария, Сирия, Үндістаннан келген 44 қатысушы арасынан Эльгиза топ жарды. Ол ән айтып, өлең оқып, сонымен қатар, ұлттық киім, салтанатты кештерге арналған киім және жаңа жылдық костюм аталымында алдыңғы қатардан көрінді.

Әсіресе, Эльгиза киіп шыққан қазақтың ұлттық киіміне әділ-қазылар алқасы таңдай қағып, осы аталым бойынша Қазақстан өкіліне бас жүлде берген. Сонымен қатар, Эльгиза 7-9 жас аралығындағы бүлдіршіндер қатарында бас жүлде алып, онлайн дауыс беруде де көш бастады.

9 жасар Эльгиза Алматы қаласында туған. Бос уақытын ән айтып, би билеп, сурет салатын ол Қазақстан намысын ірі сұлулық байқауларында қорғағысы келетінін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1013475-9-zhasar-qazaq-qyzynynh-ulttyq-kostyumi-ma.html