RU

Ақтауда есірткіні шамадан тыс пайдаланған жігіт жансақтау бөлімінде көз жұмды

Ақтаудағы облыстық емхананың жансақтау бөлімінде ер кісі көз жұмды. Дәрігерлердің айтуынша, ол есірткіні шамадан тыс пайдаланған соң қайтыс болған. Бұл туралы "Ладаға" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Полиция мәліметіне сәйкес, қаза болған Ақтау тұрғыны  бірнеше жыл бойы есірткіге тәуелді болып келген. Кезекті рет есірткіні пайдаланған ер кісінің аяқ-асты жағдайы нашарлап, емханаға түскен. Оны құтқару мүмкін болмады.

Полиция мұндай жағдай Ақтауда жаңа жылдан бері алғаш рет тіркеліп тұрғанын мәлімдеді. Ал 2015 жылы есірткіден кемінде 10 адам көз жұмған. Негізінен 25-35 жастағы жігіттер есірткі құрбанына айналуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1013556-aqtauda-esirtkini-shamadan-tys-paydal.html