RU

Әйелінің шашымен еден сүрткен адам жұртты шошытты

Флорида штатында жұбайын қорлаған ер адам түрмеге жабылды. Orlando Sentinel хабарлауынша, ерлі-зайыптылар кикілжіңіне жемістен қайнатылған тосап себеп болса керек деп хабарлайды 24 арна.

Өйткені джемді нанға жағып жегісі келген Кит Дейвидсон оның жоқтығын көріп, тас-талқаны шығып, ашу-ызаға булыққан, деп баяндайды Metro.co.uk.

Осы айқайдың кесірінен сүтті төгіп алған әйеліне өшігіп кеткен отағасы оны шаштан тартып, жерге еңкейтті. Ашудан жарылған ер адам жұбайының шашымен еденде төгіліп жатқан сүтті сүрте жөнелген. Жүрегі ұшып, жанталасқан әйелдің тек 911 құтқару қызметіне қоңырау шалуға мұршасы жеткен.

Дейвидсондар үйіне жеткен полиция сарбаздары бұзақының қолын қайырып, түрмеге әкетті. Ал әйелдің күйеуден алған дене жарақаттарын сарапшылар тіркеп, сәйкес анықтамалар жазды.

Қазір Кит Дейвидсонға «адамға қарсы физикалық күш қолданып, дене жарақатын салды» деген айып тағылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1013784-ayelininh-shashymen-eden-surtken-adam-zhu.html