RU

Мырзахметов: Теңге бағамы ең төменгі шегіне әлі жеткен жоқ

Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтың пікірінше, теңге бағамы әлі ең төменгі шегіне жеткен жоқ. Бірақ ол алдағы айлар еншісінде екен.

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

"Бүгінгі бағамның мұнай бағасына байланысты екені түсінікті. Оның ішінде рубль бағамын бақылап отырмыз, олар да еркін ауытқу бағамы саясатына өтті… Девальвация экспорт салаларына өздерін демеуге мүмкіндік берді, бірақ девальвацияның баға өсімі секілді теріс жақтары да бар. Біздің экономикамыз Ресейдікіне қарағанда импортқа тәуелдрек болып шықты. Бізде, өкінішке орай, теңге бағамы әлі ең төменгі шегіне жеткен жоқ. Бірақ бұл алдағы айлар мәселесі", — деді Мырзахметов БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беру барысында.

Оның пікірінше, қазір импортты отандық тауармен ауыстыру бойынша нақты шаралар жүргізу қажет.  Өйткені теңге бағамына қатысты қазіргі жағдай қарапайым адамдар мен бизнестің "қалтасын жұқартатын" баға өсіміне әкеліп соқтырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1013816-myrzakhmetov-tenhge-baghamy-enh-tomengi-sh.html