RU

Қостанайлық көлік жүргізушілері 20 күн бойы қар астында жатқан

Қостанайлық құтқарушылар қар құрсауынан 60 адамды құтқарды. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап  Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

"25 жеке меншік КАМАЗ 9 қаңтарда Қарағанды облысына көмірге әкелуге кеткендежоғалып кетті. Туысқандары жүргізушілермен соңғы рет олар Арқалық қаласына жақын маңда хабарласқан. Кейін хабарласу мүмкін болмады. Алайда, Төтенше жағдайлар департаментінің көмегіне 13 қаңтарда ғана жүгінді", — делінген хабарламада.

Тез арада құтқарушылар Арқалыққа жол жүріп, қар тазарту үшін техника айдап әкелді. Астана қаласынан Қарағанды облысының Жезғазған қаласына тікұшақ ұшып шықты.

Қостанайлық құтқарушылар қар құрсауында қалған адамдарды екі сағат бойы шығарған.

Шындығына келгенде, кей жүргізушілер үшін болған жағдай сабақ болмады. Қардың астында қалған 25 көліктен, тек 10 көлік қана (ал олармен жиырма адам) тәуекелге бел бумай, үйлеріне кері қайтты. Қалған жүргізушілер, эвакуациядан жазбаша бас тарту жазып көмірге бағытын жалғастырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1013915-qostanaylyq-kolik-zhurgizushileri-20-kun.html