RU

Қызылорда облысында көлік апатынан 5 адам көз жұмды

Қызылорда-Тереңөзек тасжолының 35-шақырымында "Фольксваген Венто" және "Лада Гранта" көліктері соқтығысты.

Бұл туралы 24 арна  хабарлайды.

Апат кезінде екі көлікте барлығы 9 адам болған. Олардың бесеуі сол жерде қаза тауып, қалған төртеуі ауыр халде Сырдария ауданының орталық ауруханасына түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1013919-qyzylorda-oblysynda-kolik-apatynan-5.html