RU

Түркиялық әйел 12 жасар қызын жезөкшелікке жеккен

Түркияның Эрзрум провинциясында анасы кәмелетке толмаған кішкентай қызын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр еткен.

Бұл туралы түріктің Milliyet басылымына сілтеме жасап ras.kz хабарлайды.

Газет хабарлағандай, полицейлерге күйеуімен ажырасып кеткен әйелдің 12 жасар қызын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр етіп отырғаны белгілі болып қалады.

Тәртіп сақшылары олардың тірліктерін ұдайы бақылауға алып, келіп түскен ақпардың анық-қанығына көз жеткізеді.

Осыдан кейін зұлым әйел қолға түседі. Полицеейлер сонымен қатар өз қызына жеңгетай болып отырған әйелдің 30-ға жуық ықтимал клиенттерін ұстайды.

Қыз мемлекеттік қамқорлығына алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1013968-turkiyalyq-ayel-12-zhasar-qyzyn-zhezoksheli.html