RU

Сәкен Майғазиев қызды болғанын айтып, сүйінші сұрады

"МузАРТ" тобының әншісі Сәкен Майғазиев қызды болды.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында бөліскен.

"Сүйінші, сүйікті Елім! Мейірімі шексіз Алла тағаланың қалауымен ұлым қарындасты, қызым сіңілілі болды. Сіздердің де үйлеріңізден іңгәлаған әлдидің үні үзілмегей", - деп жазды әнші.

Осыдан соң, оқырмандар мен эстрада жұлдыздарды Сәкенге құттықтауларын жолдай бастады.

Еске сала кетейік, жақында әнші жұбайының жансақтау бөліміне түскенін де хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1013998-saken-mayghaziev-qyzdy-bolghanyn-aytyp.html