RU

«Назарбаев Нұрсұлтанның нұрлы жолы» президенттің кітаптарын насихаттамақ

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ашылған «Назарбаев Нұрсұлтанның нұрлы жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі өз жұмысын бастады деп жазады Қамшы порталы.

Қоғамдық бірлестіктің негізгі мақсаты - елбасының еңбектері мен кітаптарын «Назарбаев Нұрсұлтанның нұрлы жолы» айдарымен жинақтау, зерттеу, мазмұнын жастарға насихаттау, шет тілдеріне аудару, мектеп пен жоғары оқу орындарының оқыту бағдарламасына енгізу секілді аса ауқымды жұмыстарды қамтиды.

Осыған байланысты қазақ мәдениеті хан мәдениетін жаңғыртуға, насихаттауға, дамытуға орай игі шаралар жүзеге асырылады. Сонымен қатар, қоғамдық бірлестіктің жұмысына елбасы рұқсат беріп, президент кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбеков қолдау көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1014044-nazarbaev-nursultannynh-nurly-zholy.html