Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапон фирмасы педофилдер үшін секс-қуыршақ шығармақшы

Опубликовано:

Жапонияның Trottla компаниясы педофилдерге арналған шынайы секс-қуыршақ балаларды шығаруды өндіріске қосқалы отыр.

Бұл туралы Atlantic журналына сілтеме жасаған Independent газетіне сілтеме жасап ras.kz жазады.

Компания басшылығы мұны педофилдердің қылмыстық әрекеттеріне тұсау салу мақсатында жасағалы тұрғандарын мәлімдеді.

Trottla өндіріс орнының басшысы Шин Такаги 10 жылдан астам уақыттан бері күллі әлем үшін осындай секс-ойыншықтар шығаруымен аты танылып келеді. Оның кәсіпорны саудаға шығарған бұйымдарды негізінен жалғызбасты ер кісілер алып кетеді екен.

Хабарланғандай, 5 жастағы қыз бала кейпіндегі анатомиялық қуыршақтар өте тартымды етіп жасалыпты.

Atlantic журналына берген сұхбатында Trottla компаниясының негізін қалаушы Шин Такаги өзін сексуалды нысан ретінде балалардың ұдайы қызықтырып келгенін, бірақ қашаннан олардың қорғалып тұратын болуы керек деген сенімнен айнымағанын баяндапты.

Мақалада педофилияны емдеуге болатыны айтылады. Алайда, Майо клиникасында жүргізілген зерттеулер адамның педофилияға бейімділігін еш уақытта түгел жойып жіберу мүмкін емес екенін көрсетіпті.

Шин Такаги өздері шығаратын қуыршақтардың көптеген балаларды зорлықтан сақтап қалатынына сенімді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1014259-zhapon-firmasy-pedofilder-ushin-seks-qu/

pixel