RU

Динара Тілендиева желіде талқыға түскен суреті жайлы пікірін айтты

"Отырар сазы" оркестрінің бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі, Нұрғиса Тілендиевтің қызы Динара Тілендиева желіде талқыға түскен ашық-шашық суретіне қатысты пікірін білдірді.

"Кешеден бері менің Instagram-ға салған суретім біразыңызды «дүрліктіріп», «наразылық тудырып» жатқан жайы бар екен. Менің жеке өміріме қызығушылық танытып, абыройыма алаңдағандарыңызға ризашылығымды білдіремін", - деді Динара жазбасында.

Дирижер сөз соңында жанкүйерлерін ақпан айында болатын Тілендиев атындағы "Отырар сазы"оркестiрiнiң концертiне шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, бірер күн бұрын Динара Тілендиеваның Instagram парақшасындағы ашық-шашық суреті желі қолданушыларының наразылығын тудырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1014413-dinara-tilendieva-zhelide-talqygha-tus.html