RU

Төреғали мен Ерке "Алло" әнінің жалғасын түсірмек

Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханның "Алло" әні тыңдарман көңілінен шыққаны соншалық, әншілер хит туындының жалғасын түсіруді жоспарлап отыр. Жаңа ән "Сәлеметсіз бе?" деп аталмақ.

"Алло" әнінің  сөзін жазған ақын Қайнар Алакөзов әуелгіде жігіт пен қыздың диалогына құрылған өлеңі ұзақтау болғанын алға тартады. Ақынның өлеңі әнге ыңғайлаған кезде қысқарып қалыпты, деп жазады "Ақтөбе" газеті.

"Енді телефон арқылы сөйлескен екеудің кездескендегі әңгімесі де әнге айналады. Жазып, дайындап қойдық. Оның да музыкасын Құрал Молжанов жазды. «Сәлеметсіз бе?» дейтін ән «Алло» әнінің заңды жалғасы болмақ. "Алло" әнінің клипі жігіт пен қыздың кафеде кездескен жерінде аяқталады ғой. Сол жерден "Сәлеметсіз бе?" басталады", - дейді сөз авторы.

Әннің қысқаша үзіндісі былай өрілген:

Жігіт: «Сәлеметсіз бе, сүйкімді сұлу, телефоннан-ақ таныдым-ай»,

Қыз: «Сәлеметсіз бе, сымбатты жігіт, өзендей қатты арының-ай»,

Жігіт: «Өзіңдей қызбен кездескеніме қуаныштымын, аруым-ай»,

Қыз: «Кездескеніме өкініп мен де отырған жоқпын, жарығым-ай», деп кете береді.

Қайнар Алакөзовтың айтуынша, бұл әндегі диалог та әдемі әзілге құрылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1014464-toreghali-men-erke-allo-anininh-zhalghasy.html