RU

Мадридтің "Реалына" жаңадан ойыншылар сатып алуға тыйым салынды

Халықаралық футбол қауымдастығы (FIFA) алдағы екі трансфер уақытында Мадридтің қос командасы Реал мен Атлетикоға жаңадан ойыншылар сатып алуына тыйым салды.

Бұл туралы eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

«Реал Мадрид» пен «Атлетико Мадрид» командалары жастар футбол академиясына айрықша көңіл бөледі. Сондай-ақ, трансферлік саясатына бір жылға жуық тергеу жұмыстарын жүргізіп келген ФИФА басшылығы соңында осы шешімді шығаруларына тура келді.

Халықаралық футбол қауымдастығының айтуынша, аталған қос команда кәмелет жасына толмаған жас ойыншыларды заңға қайшы түрде академияларына жаздырып алған. Мадридтіктер алдағы жаз бен келер қыс уақытында қатарларына жаңа ойыншыларды қоса алмайды. Сондай-ақ, «Реал Мадрид» 900 мың швейцар франкін, ал «Атлетико Мадрид» 360 мың швейцар франкін айыппұл ретінде төлеу міндеттелді. Қос команданың апеляцияға берулеріне болады.

Айта кетейік, мұндай жағдайға Испанияның тағы бір командасы «Барселона» да тап болған. Каталондықтардың жаза мерзімі 1 қаңтарда аяқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1014870-madridtinh-realyna-zhanhadan-oyynshylar.html