RU

Мекке мен Мәдинада қар жауды (фото, видео)

Қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларында қар жауды деп хабарлайды NUR.KZ. порталы.

Ерекше құбылыстың куәсі болған Әкбар қажы Ысмайлов өзінің Facebook-тегі жеке парақшасына жариялады.

«Мекке мен Мәдинаның жол ортасында қар жауып тұр. Жаңа ғана түсірілді», - деп жазған қазақстандық азамат.

Жерлесіміздің сөзінше, ақ ұлпа қасиетті жерге 13 қаңтар күні жауған. Бейресми ақпаратқа сәйкес Меккеге алғаш қар 2015 жылдың  ақпан айында түскен екен. Көпшілік ерекше құбылысты ақырзаманның белгісі десе, енді бірі – климаттың өзгеріп, экологияның құрығанының кесірі деп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1015174-mekke-men-madinada-qar-zhaudy-foto-zhane.html