Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айфон қаптамасы 9 жасар қыз баланың сан етін күйдіріп жіберді (фото)

Опубликовано:

Британияда ана 9 жасар оқушы қызына iPhone 5c смарфтонына арналған әдемі қаптаманы сыйлады. Алайда New Look брендімен шығарылған қаптама оны аз ғана уақыт пайдаланған қыз баланың сан етін қып-қызыл етіп күйдіріп, кетпестей таңба қалдырған.

Бұл туралы The Telegraph-ге сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.

Бұған қаптаманы қозғаған кезде аударылып-төңкеріліп тұратын оның ішіндегі химиялық сұйықтық себеп болған. Өйткені Оливия ұйықтап кетіп, оның астында қалып қойған қаптаманың пластигі жарылған. Сол кезде оның ішіндегі сұйықтық сыртқа төгіліп, оқушының сан етін күйдіріп жіберген.

Оливия түскен ауруханадағы дәрігерлердің айтуынша, енді күйіктің ізі оның сан етінде өмір бойы қалуы мүмкін. Сыртқы беті жылтырауық қаптама шамамен 3 мың теңге (8 доллар) тұрады екен.

Қазір оқиғаға байланысты New Look дүкендерінде бұл қаптаманың саудасы тоқтатылды. Бірақ, жеке дүкендер мен онлайн-дүкендерде мұндай аксессуардың әлі нешеуі сатылып жатқандығы белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1015258-ayfon-qaptamasy-9-zhasar-qyzdynh-ayaghyn-ku/

pixel