RU

Маңғыстау облысында дүниеге келген үшемдер перзентханадан шықты (фото)

Бүгін Маңғыстау облысының перинаталдық орталығынан екі апта бұрын дүниеге келген үшем шығарылды деп хабарлайды 24.kz.

Шихшабековтар отбасындағы тұңғыштардың есімі Аяна, Даяна, Раяна.

"Сәбилер мерзімінен бұрын туған екен. Дәрігерлерге оларды құтқару үшін операциямен алуға тура келген. Үшемдердің бірінің салмағы 2150 келі болса, қалған екеуінің салмақтары 2050 келіден екен. Олар 3 қаңтар күні дүниеге келген", - деп хабарлайды Mangystau Online.

Маңғыстау облыстың перинаталдық орталығында 2016 жылы 15 күннің ішінде 771 сәби өмір есігін ашқан. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысында 113 егіз бен 3 үшем туылған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1015356-manhghystau-oblysynda-ushem-duniege-kel.html