RU

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар, бұрқасын болады деп хабарлайды inform.kz.

Республика бойынша кей жерлерінде тұман, көктайғақ және желдің күшейуі сақталады деп мәлімдеді ТЖК баспасөз қызметінен.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Оңтүстік Қазақстан облысында жел соғады, күші 15-20 м/с.

Атырау обысында, түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысында, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде екпіні 25 м/с.

Жамбыл, күндіз Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз Жамбыл облысында екпіні 23 м/с, кей жерлерде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1015488-qazaqstannynh-basym-boliginde-aua-ray.html