RU

Астана стансасында жүк пойызы екі азаматты басып кетті

Азаматтардың теміржол бойында қауіпсіздік ережелерін сақтамауы салдарынан Астана стансасында жыл басынан бері екі қайғылы оқиға орын алды деп хабарлайды inform.kz.

2016 жылғы 8 қаңтарда сағат 13:20-да жүк пойызы Астана стансасының күзетілетін теміржол өткелінен 805 шақырым қашықтықта 1990 жылғы «Ю» есімді азаматты басып кетті.

Ал 9 қаңтарда сағат 21:30-да 1974 жылғы «В» есімді азамат Астана стансасы паркінің 5-ші жолында жүргелі тұрған жүк пойызының астына түскен.

Аталған жағдайлар бойынша Астана стансасы ІІЖБ-де тергеу амалдары жүргізілуде деп хабарлайды көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1015511-astana-stansasynda-zhuk-poyyzy-eki-aza.html