RU
Қайрат Нұртас өз концертінде өнер көрсеткен ресейлік жұлдыздарға 89 млн теңге төлеген
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Нұртас өз концертінде өнер көрсеткен ресейлік жұлдыздарға 89 млн теңге төлеген

Рассказать Вконтакте

Қазіргі уақыттағы ең табысты әнші Қайрат Нұртас Астанада болған концертінде шетелдік жұлдыздарға қанша қаржы жұмсағанын 31 арна анықтады.

Қайрат Нұртас өз концертінде өнер көрсеткен ресейлік жұлдыздарға 89 млн теңге төлеген

Фото: 1080.plus

Жақында Қайрат Астана мен Алматыда бұрын-соңды болмаған шоу-концерт ұйымдастырды. Әнші он жылдық концертіне Ресей сахнасының жұлдыздары Нюша, Тиматиді шақырып, көрерменге ерекше сый жасаған болатын. Оны көпшілік те жылы қабылдады. Дегенмен, әншіге мұндай сый жасау оңайға соқпаған.

Алматы қаласы бойынша мемелекеттік кірістер департаментінің қызметкері, Еділ Серікұлының айтуынша, концертке Нюша, Тимати, Лазеров, Рефлекс келді.

Ұйымдастырушылар осы тұлғалармен келісімшартқа отырған. Шетелдік, ресейлік жұлдыздарға төленген табыс 89 млн теңгені құраған. Бұл жерде төленген табыстардан 15 пайыз көлемінде салық ұсталынып қалған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
519
231
12
27
0
128
76
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel