RU

Мұнайдың құны 29 доллардан да төмен түсіп кетті

Лондондағы IСE биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерсінің құны барреліне 28,81 долларға дейін түсіп кетті.

Бұл туралы ТАСС хабарлады деп жазады ras.kz.

«Қара алтын» 29 доллар деңгейінен 2009 жылғы ақпаннан кейін бірінші рет түсіп отыр.

Бағамның бұлайша күрт түсуін рынокта шикізаттың кең ауқымды көлемде көбейіп кетуі себеп болып отыр.

Кеше  Ираннан барлық санкциясы алынып тасталатыны айтылды. Бұл өз кезегінде бұл елдің экспортқа мұнай шығару көлемін арттыруына жол ашып береді. Сондықтан мұнай бағасы таяу күндерде тағы да түсуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1015870-munaydynh-quny-29-dollardan-da-tomen-tusi.html